Ауылына 100 терек сыйлады

Жақында Қосшағыл аулының тұрғыны, «Дауыл» шаруа қожалығының жетекшісі Манас Ізтұрғанов ауылды көгалдандыруға өз үлесін қосып, ауыл әкімдігіне  100 түп терек сыйлады.

-Манас Ізтұрғанов – аудандық ішкі істер бөлімінде ұзақ жыл жұмыс жасаған  зейнеткер. Ауылдың әлеуметтік мәселелеріне бейжай қарамайтын, қоғамдық шараларға үлесін қосып жүретін ақсақалдардың бірі. Міне, көктемгі көгалдандыру кезінде өзінің қожалығында өсіріп отырған 100 теректі ауылына тарту етіп, жомарттық танытты. Өз ісімен үлгі болып жүрген азаматқа ауыл әкімдігі атынан ризашылығымды білдіремін,-дейді округ әкімі Саян Баселов. Сыйға берілген теректер ауылдағы мешіт, емхана, әкімдік, балабақша сынды әлеуметтік нысандардың ауласына отырғызылғанын жеткізді. Жалпы ауылда өткізілген сенбілік кезінде барлығы 200-ден астам терек егілген. Ауылды көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз