Жем өзенінің бойын жағалай орналасқан шалғайдағы ауылдың бірі - Ақкиізтоғай округі. Өзен арнасы суға толып, сай-саланы бойлай ауылдың шетіне де су келіп жетті. Яғни, тұрғындарға қауіп төнді. Бұл 2 сәуір күні кешкісін болған оқиға. Ауыл азаматтары видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы бір-біріне хабарлама таратып, көмек сұрап, жерлестерін "сақ болайық!" деп құлақтандырды.
Желілерде таралған бейресми бейнежазбалардан халықтың үрейлі екенін байқауға болады. Қарапайым халық малы мен жаны үшін, баспанасы үшін уайым шегуде. Біз бұл жөнінде ауыл әкімі Марат Қабиденовке хабарласып, мән-жайды білуге тырысқан едік. Бірақ ауыл басшысының сөзінен түнімен ол жақта қауырт жұмыстар жүріп жатқаны аңғарылады. Кейінірек хабарласуымызды өтінді.
Кешкісін ауылға жедел штабтан бөлінген арнаулы техникалар көмекке жіберілгені хабарланған еді. Тасқынға тосқын әрекеттері шұғыл қолға алынды.
Өз тілшіміз