Ауыл тұрғындарына қолжетімді

Үйінде интернет желісі немесе компьютері жоқ ауыл тұрғындары қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, Жем ауылдық округі әкімі аппаратына келіп, “Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы” арқылы электронды цифрлық қолтаңба мен өздеріне қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін ала алады. Бүгінде бұл бұрыш дербес компьютермен толық жабдықталған. Тұрғындарға кеңес беру үшін арнайы қызметкер тағайындалған.

Мұнда “Электронды үкімет” веб-порталынан электронды түрде қызмет алу мүмкіндігі қарастырылған: ЭСҚ-ға өтініш, жеке тұлғаның жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы, бала тууды тіркеу, бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау, жұмыссыз ретінде азаматтарды тіркеу, сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтама алу, зейнетақы аударымы жөнінде анықтама, медициналық ұйымға тіркелу, бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындау, қайтыс болуды тіркеу, жүктілік және босануына байланысты жұмысынан айырылу, мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы басқа да ақпарат алуға болады.

“Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру”, “Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру”, “Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу”, “Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату”, “Жер учаскесін алу үшін кезекке қою” мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне өтінішті “Е-лицензиялау” порталы арқылы бере алады. Сонымен қатар ауыл әкімдігінде “Aleumet.egov.kz” порталы арқылы әлеуметтік қызмет түрлері де көрсетіледі. Автоматтандырылған жүйе жұмысы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға аса қажет.

Осы порталдан ЭСҚ арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар: кресло-арбаларды, сурдо-тифлотехникалық құралдарды, міндетті гигиеналық құралдарды, санаторлық – курорттық емдеуді, жеке көмекшіні, протездік-ортопедиялық және басқа да көмекті ала алады. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметті “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы жүзеге асыру, халыққа электронды сервистерді қолдану тиімді. Әкімшіліктегі қызмет көрсету бұрышы таңертеңгі 9-дан кешкі сағат 18:30 аралығында жұмыс жасайды. Егер мәселелер туындаса, тұрғындардың Тұрғызба ауылы, А.Жолдыбаев көшесі, №411 үйде орналасқан Жем ауылдық округі әкімінің аппаратына немесе 2-91-00, 2-92-39 байланыс телефондары арқылы хабарласуына болады.

А.Беккалиева,

Жем ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-заңгері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT