Ауыл тағдырын айқындайтын таңдау

.

Әкім сайлауы - ауылдың алдағы бағытын айқындайтын үлкен қадам. Ел ішінде «жердің иесі — халық» деген ұғым бар. Сондықтан да ауыл тұрғындарының әрбір дауысы тек қағазға түскен белгі емес, елдің ертеңіне жол ашатын сенім үні, жүректің қалауы. Қазіргі таңда Қара Арна ауылдық округінде өтіп жатқан әкім сайлауы осы сөздің айғағындай болып жалғасын табуда. 
    Таңғы самалмен жұптасып келіп, жекелей келіп дауыс берушілер көп. Бірі немересін ертіп келсе, бірі серігін ертіп келуде. Бұл ретте сайлаушылардың сайлау учаскесіне үздіксіз келуі ауыл болашағына алаңдаушылықтың белгісі іспеттес.
    Бұл сайлауда аудан айнасына айналған «Кең Жылой» газетінің байырғы штаттан тыс тілшісі, қаламы қарымды, сөзге жүйрік Дүйсенбай Бөкенов те келіп, өз таңдауын жасады. Қаншама жыл аудан мен ауылдың тыныс-тіршілігін жазып, ел жүрегінен орын алған журналист бұл жолы ел тағдырын айқындайтын сәтте де қалыс қалмады. «Халықтың үні мен сенімі — әрқашан ең басты құндылық. Ал сол сенімді ақтайтын әкім таңдау — азаматтық парызымыз», — деді ол дауыс бергеннен кейін.
     Күн ұясына қонғанша, әлі талай тұрғын келіп, ауыл болашағы үшін маңызды шешім қабылдайтыны анық. 

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT