ken-zhyloi.kz
Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер мен кемшіліктер нақты айтылды. Ең алдымен, азық-түлік тауарларының бағасын белгілеуді, әлеуметтік маңызы бар тағам түрлерінің құнын шекті бағадан асырмай, қарапайым халыққа қолжетімді етуді тапсырды.
Бұл шаруаны жауапты басшылардың бір-біріне сілтемей, бағаның тұрақтылығын бақылауда ұстауы керектігін ескертті. Биылғы жауын-шашынның аздығы, ауа райының қолайсыздығы мен қуаңшылықтың салдарынан жем-шөп тапшылығы сезілуде.
Дегенмен, Үкімет басында аталған мәселені шешу үшін бірқатар жұмыстар атқарылып, ахуалды реттеді. Президент өз Жолдауында бұл салада әлі де жүйелі жұмыс атқару керек дейді.
С.Балжігітов,
«Достан ата» шаруа қожалығының жетекшісі