Ауыл әкімдерін сайлау көптеген салалардың дамуына жол ашады

Біз «Ауыл» партиясының атынан өз кандидатымызды ұсындық.

Ауыл әкімдерін сайлау ауылдағы проблемаларды анықтаумен қатар, тұрғындардың азаматтық ұстанымын білдіруге және төртінші деңгейдегі бюджет аясында ауылдық округтердің өз бюджетін құруға мүмкіндік береді.

Қоғамдық бақылаудың артуы, халықтың сайлауға тікелей қатысуы, бәсекелестіктің болуы көптеген салалардың дамуына жол ашады. Біз де «Ауыл» партиясының атынан өз кандидатымызды ұсындық. Сөйтіп бәсеке алаңында жолықпақпыз. Кандидаттар арасында пікір-сайыс ұйымдастырылып, дода қыза түссе, әркім ауыл басқарудағы жобасын қорғап шықса, ол ауылдың бағы емес пе?

Осыдан кейін тұрғындар билік өкілеттілігіне кімнің лайықты екенін анықтап, саяси таңдау жасайды. Бірте-бірте сайлау мәдениеті қалыптасады. Көп жағдайда «бізсіз де сайланар», дейтін әдетіміз бар ғой. Ол енді сайлаушының өресінің қандай екенін білдіреді.

Сондықтан да әр тұрғын өзінің азаматтық ұстанымын міндетті түрде білдіру керек.

Керімбай САБЫРҒАЛИЕВ,

«Ауыл» партиясының Индер аудандағы жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз