Ауыл халқы өз таңдауын жасайды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Жолдауында 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы тапсырған-ды. Осыған байланысты елімізде жыл сайын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімін сайлау жүзеге асып келеді.

Бұл ретте Қазақ елі біраз тәжірибе жинақтап, демократиялық дамудың даңғыл жолына бір қадам аттады десек артық айтқандық емес. Ауыл әкімдерін сайлау осыған дейін де өңірдегі барлық ауылдық округтерде жүзеге асты. Соңғы рет өткен жылы тұрғызбалықтар Жем ауылдық округінің әкімі етіп Нұртас Қуатбаевты сайлап алды. Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын таппақ. Алдағы шілденің 13-і күні енді Қара Арна ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.

Бұл жөнінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зәуреш Қалмұханова ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлама таратты. Үміткерлерді ұсыну 5 маусымда басталып, 17 маусым сағат 18:00-де аяқталады. Тіркеу барлық қажетті құжаттар толық жиналғаннан кейін жүзеге асып, 22 маусым күні бітеді. Ал үгіт-насихат жұмыстары 22 маусымнан 12 шілдеге дейін созылады. Бұл жөнінде аудандық аумақтық сайлау комиссия төрағасы Зәуреш Қалмұханова:

-Кандидаттарды қабылдау жүріп жатыр. Әзірге 1 адам ғана тіркелді. Ауыл әкімін сайлау №107 сайлау учаскесінде, яғни, Қара Арна ауылдық округінің орталығы Шоқпартоғай ауылы, Т.Дешенов көшесі, №378 ғимарат, №3 орта мектепте өтеді. Тұрғындар осы жерге барып, ауылының болашақ әкіміне дауыс бере алады,-дейді ол.

Д.ІЗБАСАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT