Ауыл имамы – мерекелік медаль иегері

Олардың арасында Жылыой мұсылмандары орталық мешітінде ұзақ жыл бас имамдық қызметте болған, бүгінде «Иманғали» мешітінің найб-имамы Арман Исаев та бар.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2020 жылдың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде еліміздің әр аймағынан келген муфтияттың 19 өкіл имамдарын «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына – 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттаған болатын-ды. Бұл награда бас имамдардан бөлек өңірлердегі жергілікті имамдарға да тарту етілген еді. Олардың арасында біздің жерлесіміз де бар.

Қосшағыл ауылдық округіндегі Қосшағыл мешітінде ұзақ жылдан бермен қарай имамдық қызмет атқарып келе жатқан Теңел Айдербекұлы да осы мерекелік медалмен марапатталды. Оны таяуда Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы салтанатты жағдайда табыс етіп, имамның ел алдындағы еңбегіне алғысын білдірді.

Марапаттау жалғыз медаль берумен шектеліп қалған жоқ. Бірнеше имамдар мен мешіт қызметкерлері құттықтау және алғысхаттарға да ие болды. Олардың арасында Жылыой мұсылмандары орталық мешітінде ұзақ жыл бас имамдық қызметте болған, бүгінде «Иманғали» мешітінің найб-имамы Арман Исаев пен әріптесіміз, осы ғибадат үйінің баспасөз-хатшысы Баян Жанұзақова да бар. Оларға еліміздің Тәуелсіздік күніне орай Бас имамның алғысхаттары табыс етілді.

-Тәуелсіздік – ең ұлық нығмет. Тілімізді, дінімізді, ділімізді өркендету жолында атқарып жатқан еңбектеріңізге Алла абырой беріп, екі дүниенің рахатын нәсіп етсін, - деді салтанатты сәтте Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз