Өткен аптада аудандық мәслихаттың кезектен тыс 26-сесиясы өтті.
Сессияға аудан әкімі Азамат Бекет, аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Кенғанов және дербес бөлім басшылары қатысты.
Отырысты аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Қондыбаев жүргізді. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Дүсіпова Қосшағыл мен Қара-Арна ауылдық округтерінің бюджетіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндады.
Депутат Талғат Майлыбаев Қосшағыл мен Тұрғызба ауылына спорт кешенін салу мәселесін көтерді. Оның айтуынша, қос ауылға спорт кешенін салу үшін жасалған жобалық-сметалық құжаттаманың мерзімі өтіп кеткен. Енді келесі жылдың бюджетіне қарастыруды сұрады.
Сондай ақ, депуттаттар №6 мектептің жылыту қазандығы құрылысына қатысты мәселені көтерді. Аудан әкімі бұл мәселені облыста көтеріп, шешуге жұмыстантынын айтты.
Ал құрылыс бөлімі мамандары су құбырлары толықтай жүргізілгендігін айтады. Енді электр желілерін жүргізу жұмыстары аяқталмай отырған көрінеді. Депуттаттар қалада жер кезегін шешу бағытында қандай жоспар бар екенін сұрады. Аудандық сәулет бөлімінің басшысы Айбек Жәлелов қазіргі кезде қалада 10 мыңнан астам адам жер кезегінде тұрғанын және бұл бағытта қаланың бас жоспарын қайта жасау қажеттігін жеткізді. Қазіргі кезде 5 мың жерге жоспар жасалып жатқан көрінеді.
Қ.Нұртайұлы.