.
Бүгін таңғы сағат 07:00-де Қара Арна ауылдық округі әкімінің сайлауы басталды. 3000-нан аса тұрғыны бар шалғай ауылдағы сайлауға жергілікті тұрғындар ішінен 1715 сайлаушы қатыса алады деп жоспарланған. Қазіргі таңда олардың алды келіп бастады.
Сайлау заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, № 107 учаскеде тиісті санитарлық және техникалық талаптар сақталған. Сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз байқаушылар бақылау жүргізуде. Бүгінде халық қалаулысы атанып, ауылдағы басшылық қызметке орналасуға 3 кандидат ұсынылған. Олар: Ақтоты Әбілқайырова, Ербол Сағынов және Ербол Шымырбай. Кандидаттардың екеуі сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен өтініш білдірсе, біреуі аудандық “AMANAT” партиясынан ұсынылған. Бұл ретте сайлау учаскесі кешкі 20:00-ге дейін жалғасатынын ескерткіміз келеді.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ