«Ауыл аманатына» қиянат жоқ

«Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс» деді Мемлекет басшысы соңғы Жолдауында.
Расында да қазір баяғыдай мал сатып қана күн көріп отыратын заман емес. Бұл ретте Президент дамудың нақты жолдарын да көрсетті. Соның бірі – «Ауыл аманаты» жобасы.

Бұл бағдарлама біздің өңірде де уақытыл жүзеге асты. Өйткені «Ауыл аманатына» қиянат жүрмейді. Айталық өткен жылы жылыойлық 18 кәсіпкер 132,5 млн. теңге көлемінде несие алып, өз бизнесін дамытуға мүмкіндік алды. Бұл жоба биыл да жүзеге асады. Тек аудандағы көктемгі төтенше жағдайға байланысты біраз кідіріске ұшырады. Дегенмен, алдын ала жүргізілген талдау бойынша мал шаруашылығын дамытубағытында 21 жоба, ауыл шаруашлығына жатпайтын бизнес түрлеріне 10 жоба жүзеге асырылады деп күтілген еді.

Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі Жолдауынан кейін бұл жобаға өзгеріс енетіні белгілі. Өйткені Президент өз сөзінде: «Былтыр "Ауыл аманаты" жобасы басталды. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни "тауар несиесін" беру мәселесін қарастыру қажет» деген еді. Демек бұл бағдарлама ауданда да өзгеше қарқынмен жүзеге асатыны анық. Бұдан басқа Қасым-Жомарт Кемелұлы:

«Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет», - деп қадап айтқан еді.

М.Хайроллаұлы,

Ауыл шаруашылық ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT