«Ауыл аманаты» жобасы басталды

Үкіметтің 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау үшін елімізде «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Аталған бастама «Amanat» партиясының үйлестіруімен жүзеге асырылады.

Жуырда «Ауыл аманаты» жобасын таныстыру мақсатында партияның ұйымдастыруымен Жылыой ауданындағы Ақкиізтоғай елдімекенінің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуде ауыл тұрғындарының табысын көбейтіп, әл-ауқатын арттыру мақсатында қолға алынған бастаманың тиімді тұстарын түсіндіру, жүзеге асыру тетіктері, кооперативтер құру тәсілдері туралы түсіндірілді.
Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Ақкиізтоғай ауылының тұрғындары шағын кәсіпкерліктің даму деңгейі төмен, сонымен қатар, жастар арасында нағыз кәсіпкерлер жоқ екенін айтты. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатындарын тілге тиек етіп, жүн шикізатын өңдеу, кәдеге жарату туралы пікірлерін білдірді.
Зульфия Кубеева сынды білікті маманның кураторлығымен мамандандырылған бірнеше бизнес тренерлер ауыл кәсіпкерлігін дамыту, арттыруға қатысты ұсыныс-пікірлерді тыңдап, бағыт-бағдар берді.
Бұл бастама - «Amanat» партиясы назар аударып отырған негізгі мәселенің бірі. Таяуда ауыл әкімдеріне аналған семинар-тренинг көздеген меже де осы, яғни, ауылды дамыту, тұрғындардың әлеуметтік ахуалын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту.

- Біздің мақсатымыз- «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен түсіндіре отырып, 2025-жылға дейін халықтың әл-ауқатын көтеру, табысын арттыру. Бірінші кезекте, осыған дейін ауылдық-округтердің әкімдеріне жобаны іске асыру мақсатында арнайы оқу курсын ұйымдастырып, оқытқан болатынбыз. Ендігі кезекте бұл жобаның екінші сатысы-жергілікті халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдау. Жобаның тиімді тұсы- халық қолжетімді пайызбен, яғни 2,5 % несие ала алады, алайда бұл тек кемінде 5 адам кооператив құру арқылы жүзеге асырылады. Кооператив мүшесі ретінде заңды тұлғалармен қатар , жеке тұлғалар да кіруге мүмкіндігі бар. Мұндағы негізгі ой- жергілікті табиғи өнімдерді , арнайы мекемелерге , одан бөлек ірі компанияларға өткізу,-деді өз сөзінде бизнес тренер Асқар мырза.

ea2415b4-563b-439a-94af-d9b133a5b337

Атаулы шараға қатысқан жергілікті тұрғындар өз қызығушылықтарын танытып, жоба тренингтерінің бастамаларына қолдау көрсетті.


Айкерім ШАҒАТАЕВА
Сүлеймен Деимирел атындағы
университеттің 2-курс студенті

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521