ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

ken-zhyloi.kz

Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2020 жылы тиісті мекемелер, құзырлы органдармен бірлесіп "2020-2021 жылғы қысқы дайындық жұмыстарына, соның ішінде газ жүйесі, жылыту маусымына дайындық бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды: Жылыой ауданы әкімдігі тиісті құзырлы органдармен бірлесе ауқымды профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Тұрғын үй секторын аралау кезінде Төтенше жағдайлар гарнизоны қызметкерлері, Жылыой аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ еріктілерімен және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлескен түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Жылыой ауданы бойынша Құлсары қаласы және ауылдық жерлердегі тұрғын үй секторын 100% қамту мақсатында Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті, Қара Арна, Қосшағыл, Жем, Майкөмген ауылдық округтері толықтай араланып, «Тұрғын үйдегі ӨҚЕ сақтау», «Пештерді пайдалану кезінде ӨҚЕ сақтау», «Табиғи көмірқышқыл газына уланудан сақтық шаралары» және «Өрт кезіндегі іс-әрекет» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жылу беру кезеңінде, тұрғын секторындағы өрттің алдын алу іс – шараларын жүргізу жоспарына сай, халықтың қорғалмаған тобы үйлеріне (көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, зейнеткерлер) үгіт-насихат және алдын алу жұмыстарын жүргізу шарасына, Құлсары қаласы бойынша 1 рет және Қосшағыл ауылдық округі бойынша 1 рет «Caspian news» телеарнасы өкілдері шақыртылып, телеарнаға 2 рет шығу ұйымдастырылды.

ҚР ҚН 4.03-101-2011 «Газ және газбен жабдықтау» және ҚР ҚН 3.02-01-2011 «Көп қабатты тұрғын үй ғимараттары» сәйкес көп қабатты тұрғын үйлер жобалау құжатынан ауытқымауы және оларға өзгеріс енгізілмеуі тиіс делінген.

Бүгінгі күнге дейін Азаматтық қорғау органдарының қызметі, қолданыстағы заңнамаларға сай тұрғын үй секторында тиісті үгіт-насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізді бұл жұмыстар әліде жалғасын табуда. "Жылыойгаз" ЖШС-і өз кезегінде оқыс оқиғаларды алдын алу үшін аудан халқын ақпараттандыру мақсатында аудандық БАҚ-на ескертпе, есептер жариялады және де тұрғындардың шақыртуымен, жоспарлы түрде тексерістер жүргізіп келеді.

Сонымен қатар аудан көлемінде халықтың қорғалмаған тобы үйлеріне (көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, зейнеткерлер) көмек ретінде улы газ датчиктері мен газ сараптауыштары (40 дана) орнатылып, осы мақсатта үкіметтік емес ұйымдарды тарту жұмыстары жалғастырылуда.

Әр тұрғын үй иесі өзінің және отбасының денсаулығына қауіп-қатер туғызбауы тиіс, осы орайда әр нарсеге жауапкершілікпен қарап, тиісті шараларын дер кезінде алу қажет.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT