Ауданымызда IT сыныбы ашылды

«Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асырылып отырған «Нұр Отан» партиясының жаңа жобасы бойынша ауданымыздағы №8 мектепте ең алғашқы ІТ сынып ашылды.

Сыныптың тұсауын «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев пен Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық академияның директоры, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Садуақасова кесті. Сыныптың ашылуына қатысқан «нұротандықтар» балалардың жасаған робот техникаларын, компьютерлік жаңа бағдарламалармен жасап жатырған жұмыстарын көрді. №8 орта мектептің директоры Күләш Қосайқызы IT сыныптардың ашылуына себепкер болып отырған «Нұр Отан» партиясына алғысын айтып, IT-сыныппен таныстырды. IT сынып заманауи компьютерлермен, жоғары жылдамдықты интернет, қажетті веб бағдарламалармен қамтылған. ІТ сыныпта жазғы демалыс кезінде 40 оқушы өз білімдерін жетілдіре алады. Оқыту жүйесі 3D модельдеу, сәулет, дизайн, анимация, web-сайт құру бағдарламалары бойынша өткізіледі. Мұнда оқушылар қарапайым алгоритмдерді құруға, еуропалық білім беру стандарттарына сәйкес бағдарламаларды игеруге мүмкіндік алады.

С.ӘЛИ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз