Ауданымызда эпидемиологиялық жағдай мәз емес

Жылыой аудандық инфекциялық ауруханадан қосымша 20 орындық стационар ашылуда.

Бүгінгі күні: Коронавирус инфекциясына қарсы уақытша ашылған инфекциялық ауруханаларында "Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі" жатақханасы 60 орындық және инфекциялық ауруханада (бұрынғы туберкулезге қарсы аурухана ғимаратында) 40 орындық ауруханаларында 100 адам ауыр жағдайда ем қабылдауда.

Жылыой ауданы бойынша коронавирус инфекциясына қарсы ем көрсету ауруханаларында 100 төсек орын болса, бүгінгі күнге 100 адам ауыр жағдайда ем қабылдауда, яғни, ауданымызда індетке қарсы ем беру үшін қосымша төсек-орындар ашуға қажеттілік туындауда. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясына қарсы ем беру инфекциялық ауруханаларында аурулар саны күрт көбеюіне байланысты төсек-орындар дайындалуда. Осы орайда, Жылыой аудандық инфекциялық ауруханадан қосымша 20 орындық стационар ашылуда.

Құрметті жылыойлықтар!

Ауданымызда эпидемиологиялық жағдай қуанарлықтай емес. Сондай-ақ, ауданымыздың кәсіпкерлері, тұрғындары Атырау облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен енгізілген шектеулерді сақтамаса, ауданымыздың эпидемиологиялық жағдайы тұрақталмасы анық. Осы орайда, әр тұрғын, әр кәсіпкер Өзінің және Өзгенің денсаулығына жауапты екенін естен шығармай, барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтануы тиіс.

Қазіргі уақытта аудан тұрғындары арасында 4000-ға жуық коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды, бұл тек аудан тұрғындарының 5 пайызын құрап отыр. Жылыой ауданы бойынша ұжымдық иммунитетті қалыптастырмай, біз бұл індеттен арыла алмаймыз.

Құрметті жылыойлықтар!

Атырау облысы бойынша енгізілген карантиндік шектеулерді қатаң сақтануға және ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға шақырамыз.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT