Бүгінгі заманда банк қызметін пайдаланбайтын адам жоқ. Ең аяғы еңбекақымызды да банктердің банкомат қондырғысы қолымызға санап тұрып береді.
Құлсары қаласында көптеген банк филиалдары жұмыс жасайды.
Мысалы «Халық Банк», «Атф Банк», «Каспий Банк» және т.б. Бірақ, «Сбербанктің» филиалы жоқ.
Осы банктен көптеген мекеме қызметкерлері еңбекақысын алады. Редакцияға келген бір тұрғын қалада осы банктің филиалы ашылса деген ұсынысын айтты. «Себебі банкоматтан ақшамды алып, карточкамды ұмытып кетіппін. Содан соң карточканы қайта жасату үшін Атырау қаласына қайта-қайта баруға тура келді. Мына ыстықта Атырауға бару үшін де біраз қаражат жұмсалатыны рас. Сондықтан ауданымызда осы банктің филиалы болса, шаруам тез шешілетін еді, - дейді ол.
Ж.ШАҢҚАНОВА.