Аудандық мәслихатқа жаңа төраға сайланды

Сегізінші шақырылған Жылыой аудандық мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Сессияны аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Қалмұханова Зәуре Тұқпатуллақызы ашты.

Сессия барысында сайлау қорытындылары хабарланып, мәслихат төрағасы сайланды, тұрақты комиссия құрамдары бекітілді. Депутаттық корпус 66,6 пайызға жаңарып отыр. Олардың қатарында 9 депутат «AMANAT» партиясынан, 2 депутат – «Ақ жол» партиясынан, 4 депутат – өзін-өзі ұсыну арқылы сайланып отыр.

Мәслихат төрағасы болып депутаттардың қолдауымен Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлы сайланды. Бірінші сессия жұмысына қатысқан аудан әкімі Қаражанов Жұмабек Байрақбайұлы қорытынды сөз сөйлеп, депутаттарға сәттілік тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521