Ауданда жаз айларында су тапшылығы сезіледі

Елімізде халықаралық стандарттарға сай жаңа экологиялық кодекс қабылданды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде онлайн форматта өткізген кеңесте өңірді дамытудың алдағы басты жеті міндетін айқындап берді.

Бірінші Мұнай-газ өнеркәсібін дамыту. Атырау облысы еліміздегі ең үлкен индустриялық өңірдің бірі. Аймақтың мұнай-газ өнеркәсібі шетелден инвистиция тарту саласында көш бастап келеді. Сондай-ақ облыс республикалық бюджетке және Ұлттық қорға қомақты қаржы құйып отыр.

Екінші Автожолдарды дамыту. Аймақтағы республикалық маңызы бар жолдардың сексен бес пайызы және облыстық маңызы бар жолдардың алпыс бір пайызының ақуалы орташа. Бірақ, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен.

Үшінші Жұмыспен қамту, төртінші денсаулық сақтау жүйесін нығайту, бесінші өңірді қалыпты энергиямен қамту.

Алтыншы өңірді сумен қамтамасыз ету.

Жетінші өңірдегі экологиялық ақуалды жақсарту.

Осы аталған мәселелердің ішінде аудан тұрғындарын және мені толғандырған маңызды мәселе - жұмыссыздық. Бұл мәселені шешумен облыс басшысы аудан әкімдігі де айналысуда. Жұмыссыздық мәселесінің артында мыңдаған жандардың өмірлік хал-ахуалы тұр. Осы мәселеге мемлекет басшысының көңіл аударғанына халық риза болуда.

Сонымен қатар маңызды мәселердің бірі тұрғындарды ауыз сумен қамту. Құлсары қаласы, аудандағы селоларды ауыз сумен қамту мәселесі әлі түпкілікті шешілген жоқ. Әсіресе жаз айларында сумен қамтудың жеткіліксіздігі қатты сезіледі. Бұл мәселені де түпкілікті шешудің жолдарын қарастырып ойластырып шешу керек.

Сондай-ақ ауданның жалпы Атырау өңірінің экологиялық мәселесі де сын көтермейді. Мұнай-газ саласының дамуы бұл салаға инвестиция тарту, өндірісті өркендету бұл елдің дамуына қосылған үлкен үлес. Елімізде халықаралық стандарттарға сай жаңа экологиялық кодекс қабылданды. Экологиялық тиімділікті арттыратын бағдарламаларды қолға алған кәсіпорындар қалдық шығарғаны үшін төленетін ақыдан босатылды.

Бұл саладағы қолжетімді технологияның ең таңдаулысы мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарға енгізілуі керек деп есептеймін. Үкімет өңірдегі қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, бұл мәселені мұқият бақылауға алса деген пікірдемін. Ел президентінің өзі көңіл бөліп тапсырма берген соң бұл мәселелер шешімін табады деген сенімдемін.

С. Бектілеуов,

aудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT