АУДАНДА ОЙЫН, ВОРКАУТ ЖӘНЕ ВОЛЕЙБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында балаларға арналған 4 ойын алаңы, воркаут және волейбол алаңы ашылды. Сондай-ақ, ауданға қарасты Шоқпартоғай ауылында да «Шынықсаң шымырсың» атты воркаут алаңы ашылды.

Аталған әлеуметтік нысандар Жылыой ауданы әкімдігінің және «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен, Орталық Азия Еуразия қорының ұйымдастыруымен салынды.

Жылыой ауданында «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы 2020 жылдан бері жүзеге асып келе жатқаны баршаңызға мәлім. Аталған жоба аясында ауданда осы уақытқа дейін 80 нысан халық игілігіне берілген. Ал биыл жоба аясында 28 нысан халық игілігіне берілмек.

Құрметті аудан тұрғындары!

«Қоғамдық кеңістіктер» жобасы арқылы сіздерде өз ауылыңызды/ықшам ауданыңызды көркейтуге үлесіңізді қоса аласыз. Жобаға қалай қатысуға болатыны туралы ақпаратты алдағы уақытта @jylyoi_audany_akimdigi немесе @qogamdyq_kenistikter парақшаларынан көретін боласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз