Ауданда депутат сайлауы өтіп жатыр

Құлсары қаласында аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының бос орнына қайта сайлау науқаны өтіп жатыр.  Жергілікті тұрғындарға болашақ халық қалаулысын таңдауы үшін қаладағы Махамбет даңғылы бойындағы "Кең Жылыой" мәдениет үйіндегі  94-ші сайлау учаскесі жұмыс істеу үстінде.

 Жалпы, аудан бойынша сайлауға түсуге 3 адам өтініш білдірген. Мамандардың мәлімдеуінше, сайлаушылар тізімінде 5 мыңға жуық тұрғын бар. Олар таңдаған үміткеріне дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Сайлаудың өту барысы бақылаушылардың жіті қадағалауында.

-Аудан бойынша осы сайлауда  1 аумақтық, 1 округтік сайлау комиссиясы, сол округтік сайлау комиссиясына жататын 2 учаскелік комиссия жұмыс жасап тұр. Аудан бойынша депутаттыққа 3 кандидат түсті. Сайлауда 5022 сайлаушы тізімге енді. Сайлау өз деңгейінде заңға сәйкес өтіп жатыр. Ешқандай заң бұзушылық деректері тіркелген жоқ,-дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зәуреш Қалмұханова. 
 
Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT