Ауданда балалар алаңы өртенді

 

Оқиға 25 тамыз күні Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылында болды.

Көлемі 1500 шаршы метр болатын алаң 2019 жылы пайдалануға берілген. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерді күндіз-түні қолы бостықтан ерігіп жүрген ересек адамдар төңіректеп отыратын болған. Маңайда өрттің шығуына себеп болды дейтіндей тоқ көзі де, қоқыс жәшігі де жоқ. Сол себепті, ауыл әкімі Сансызбай Баймұратов «оны әдейі өртеген болуы мүмкін» деп жорамалдап отыр. 

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 202 бабының «бөтен мүлікке зақым келтіру мен жоюды» көздейтін 2 бөлігі бойынша іс қозғалды. Келтірілген шығын есептелуде» деп хабарлайды облысы полиция департаменті.


ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз