Бəсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру - мемлекеттің алға қойған межелі мақсаттарының бірі. Бала дүниеге келгеннен бастап, білім беру, тəрбиелеу, саналы, салауатты азамат етіп тəрбиелеу ата-ананың міндеті екендігі заңмен жүктелген. Əрбір үйдің қуанышы, мемлекеттің болашағы балаларды мектепке бергеннен бастап, балада үш жақты орта қалыптасады. Ол мектеп. Ол қоғам. Ол ата-ана, жанұясы. Ата-ана мен байланыс орнату, оқушылардың үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы.
Осы ретте, ауыл-аймақтарда Республика күні қарсаңында «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенділері аймақтарға шығып, «Ауыл – Алаш айнасы» жобасын жүзеге асыруда. Бірлестіктің облыстағы сапары алдымен Жылыойдан басталды. Кездесуге филология ғылымдарының докторы, абайтанушы Омар Жалелұлы, «Сенімен Болашақ» РКБ-нің құрылтайшысы, қоғам қайраткері, меценат Нұркен Асанов, республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жансая Исмағұлова келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесудің мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, бала тәрбиесіне қатысты өзекті проблемаларды бірлесіп шешу. Оңтайлы жолдарды іздестіру.
-Бұл бірлестік қыз бен әкенің арасындағы диалогтан құрылған бірлестік. Біздің мақсат – әрбір ата-ананы жақсы ортада тәрбиелеуге біріктіру. Дастарханнан басталатын тәрбиені осы джерде ұғындыру. Бала мен ата-ана арасында тығыз әрі шынайы қарым-қатынас үшін ықпал жасау. Әрбір ата-ана қоғамды жақсартуға үлес қосқан кезде тәрбиелі орта қалыптасады. Балаларымыздың болашағы үшін біз атсалысуымыз керек. Мінез үш жерден шығады. Алдымен, ата-ана, мектеп, құрбы. Қазір мінезге қоғамда әсер етеді»,-дейдіНұркен Жарылқапұлы
Шарада ата-ана сауаттылығын арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп тағы да басқа мәселелер қозғалды.
Айта кетейік, биылғы жылдан бастап мектептерде ата-аналар жиналысы жаңа форматта өткізілуде. Бұл шараны «Сенімен болашақ» бірлестігі ұйымдастырып, еліміздегі ата-аналар қоғамдастығы арқылы саналы отбасы мәдениетін қолға алып отыр.
А.Таубаева