Ауданда 7 санитарлық тексеру бекеті қойылды

Сақтық шаралары күшейтілді

Атырау қаласы карантинге жабылған сәуір айының басынан бастап аудан аумағында да сақтық шаралары күшейтілді. Бұл жөнінде аудандық штабтың ақпаратына сүйеніп, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнафис Айшуақова хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда аудан аумағында жеті жерден санитарлық тексеру бекеттері қойылған. Олардың үшеуі Құлсары мен Бейнеу, Құлсары мен Атырау қалалары және Құлсары мен Ақкиізтоғай тасжолы бағытына қойылса, қалған 4 бекет Теңіз кенішінде орналасқан. Олардың құрамында аудандық емхана және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының, полиция бөлімінің қызметкерлері бар.

Ондағы мамандар аудан аумағында қауіпті індеттің таралуының алдын алу мақсатында тасжолмен қатынаған жолаушылардың денсаулығын тексерістен өткізіп тұрады.

Е.Қошақанов

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз