Ауданда 25 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 198 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 107 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 18 науқас анықталды.Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылой ауданында - 25 жағдай, Индер ауданында - 11 науқас анықталған, Исатай ауданында - 13, Қызылқоға ауданында- 14, Құрманғазы ауданында - 1, Мақат ауданында - 3, Махамбет ауданында - 8 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 110 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 636 адам емделді.

Қазір 7 350 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 166, екінші облыстық ауруханада – 148 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 51, кардиоорталықта - 77, т/ж ауруханасында - 83 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 36, жатақханада - 72,

аудандық инфекциялық стационарларда - 255. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 355 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика