Ауданда 24 сайлау учаскесі ашылды

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды.Ауданда 24 сайлау учаскесі ашылды.


Аудан бойыншы аймақтық 24 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Олардың әрқайсысына төраға, төрағаның орынбасары, хатшы, бақылаушы және тағы да басқа қызметкері бар комиссия мүшелері бекітілді.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасатын болады. Аудан бойынша 58684 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде.

Айта кетейік, сайлау учаскелерінде дауыс беруге барлық жағдай жасалған.
Арнайы дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшіктер сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына пандустар орналастырылған.

Біз барған №99 сайлау учаскесінде дауыс беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындаумен басталды. Аталған учаскенің спорт залында қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ таратылып, әуен ойналып, мерекелік көңіл күй сезілді.

Айта кетейік, 99 сайлау учаскесінде дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Барлығы 2722 адам сайлаушы ретінде тіркелген. Оның 9-ы мүгедек, 31-і 18 жасқа енді толған сайлаушылар.

         А.ЖҰМАБЕРГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521