Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 75 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 52 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 2 науқас анықталған, Қызылқоға ауданында - 1, Құрманғазы ауданында - 2, Махамбет ауданында - 3 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 37 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 38 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 251 адам емделді.
Қазір 1 534 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 115, екінші облыстық ауруханада – 98 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 39,
аудандық инфекциялық стационарларда - 95. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 86 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.