Аудан мектептеріне мониторинг жүргізді

Адалдық алаңы

17,18 тамыз күндері Жылыой адалдық алаңы басшысы Абдигалиева Мадина Сабыржанқызы, қала әкімінің орынбасары Нурмуханова Арай Қанатқызы, білім бөлімінің әдіскерлері Атырауов Жәнібек Жәрдемұлы және Нұрпейісова Дина Тимурқызы, ауылдық округ әкімшіліктерінің мамандарының қатысуымен аудан мектептерінде мониторинг жүргізілді.

Мониторинг мақсаты: Жаңа оқу жылына қашықтықтан оқытуға мектептердің дайындығы. Мониторинг барысында мектеп басшыларының айтуы бойынша мектеп тарапынан қашықтықтан оқытуға байланысты мұқтаж ата-аналарға компьютер беріледі. Мектептердің барлығы компьютермен қамтамасыз етілген, бірақ жарамсыз компьютерлердің бар екендігі анықталды және аудандық білім бөліміне жарамсыз компьютерлер туралы мәлімет берілген.

Жаңа оқу жылында кезекші сыныптардың ашылуына байланысты ата-аналар өтініштері жинақталуда. Мектептерде бір сыныпта 10-15 оқушыдан оқуға санитарлық талаптарға сай кабинеттер дайындалуда.


Аудандық білім бөлімінің мәліметі бойынша жаңа оқу жылында 1673 оқушы қабылданды. 87 кезекші сынып ашылып, сол сыныптарда 1134 оқылатындығы туралы ақпарат берді.


Жылыой аудандық адалдық алаңы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521