АУДАН ӘКІМІ ЖҰМАБЕК ҚАРАЖАНОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі әр салада қызмет етіп жүрген нәзік жандыларды қабылдады. Мерекелік басқосуға көп балалы, мүмкіндігі шектеулі аналар, денсаулық сақтау, білім, спорт, мәдениет салаларында және коммуналдық мекемелерде қызмет атқарып жүрген арулар қатысты. Аудан басшысы Жұмабек Қаражанов мерекелік шараға қатысушыларға:

«Баршаңызды шұғылалы көктемнің айрықша мерекесі – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін ортамызға тәлім мен тәрбиені ұштастарып, отбасы мен еңбек жолының арасын жалғап, халқына өнегелі істерімен үлгі боп жүрген нәзік жандылар жиналып отыр. Сіздерге әрқашан айтылар жылы лебіздер таусылмайды. Шаңырақтарыңыздың берекесі, өмірдің гүлі, күннің шуағы болып, жадырап-жайнап жүре берулеріңізге тілекшімін» деді.

Кездесу соңында жиынға қатысушы аруларға құрмет көрсетіліп, мерекелік сыйлықтар табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз