Аудан әкімі Ж. Қаражановтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Қымбатты ардагер журналистер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Жұртшылық мерзімді басылым, теледидар, радио, әлеуметтік желілер арқылы өмірде болып жатқан алуан түрлі оқиғалардан хабардар болып, мемлекеттік органдардың қызметі туралы біліп отырады.

Газет, теледидар, интернет кеңістігі — уақыт айнасы. Ол арқылы күн сайын тың деректер алып, мемлекетіміздің дамуын, ауданымыздың тыныс-тіршілігін қадағалап отырамыз.

Алдағы уақытта да бұқаралық ақпарат құралдары ауданымыздың өсіп-өркендеуі мен кемел келешегін нығайту жолында үлес қоса береді деген сенімдемін.

Мерейлі мереке құтты болсын, ұшқыр қалам иелері! Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін! Сіздерге шабыт пен шығармашылық табыс, бақыт және отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Жұмабек Қаражанов,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT