Аудан әкімі: Республика күні тарихи бағысын әлдеқашан алып қойған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қыркүйек күні тиісті заңға қол қойды. 25-қазан Республика күні ретінде қайта бекітіліп, Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесі берілді.

Республика күнінің ұлттық деңгейде, елімізде тұратын барша өзге ұлт өкілдері мен ұлысқа ортақ мереке ретінде тойлануы – халқымыздың бойына қуат, жүзіне қуаныш сыйлаған оң шешім болды. Бастысықоғамымыздың патриоттық сезімін арттыруға себепболары белгілі. Әсіресе, осы датаның зор құрметпен аталып өтуі айырықша маңызға ие деп санаймыз. Рухани құндылығымызды, қазақы қайсар мінезімізді, бай тарихымызды, бабадан қалған даланың мұрагері ретінде алты алашты әлемге таныту арқылы осы тарихи датаның біз үшін қасиеттілігін аша білуіміз, көрсете алуымыз қажет.

Республика күні тарихи бағасын әлдеқашан алып қойған-ды. Осы жылдан бастап қайта жаңғырып, ұлтымызды ұлықтайтын мерекеге айналғаны көңіл қуантарлық жағдай. Егеменді ел болуымыздың алғашқы құжаты осы күні қабылданғанын білеміз. Бұл - нақты факт. Сол себепті тарихи оқиға болған күн мемлекеттік деңгейде тойланғаны өте маңызды.

Егемендік алғалы бері ауданымыз айтарлықтай жетістіктерге жетті. Сандаған әлеуметтік жаңа жобалар жүзеге асып, жүздеген заманауи нысандар бой көтерді. Атырауға дейін 220 км қашықтықта орналасқан ауданның іргесі мұнай мен газ өндірілуіне байланысты 1939 жылы қаланған. 1934-1938 жж. аралығында бұл өңірде мұнай кенін іздестіру басталғанда мұнай барлау-бұрғылау экспедициясын белгілі жазушы Сабыр Шәріпов басқарған екен.1939 жылы Құлсары мұнай өңдеу басқармасы құрылды, алғашқы құрылыс салынған жерден халық тұратын үйлер салынды, кейін №1 қазақ ауылдары ескі Құлсары атанды. Құлсарыдан Ұлы Отан соғысы кезінде миллиондаған тонна мұнай, оған қоса Құлсары мұнай өндіру цехының қасынан шағын бензин зауыты іске қосылып, тікелей майданға бензин жөнелтіліп отырған. Алайда мол мұнайдың игілігі өткен ғасырларда ауданымызда көрініс тапты десек артық айтқандық болар еді. Өткен шақтағы көшелерін құм суырып, ескі жатаған үйлер тұратын аудан орталығымен немесе ауылдарымен егемендікке қол жеткеннен кейінгі қазіргі аудан мен қаланы салыстыру қисынсыз.

2001 жылы 22-қыркүйек айында №685 ҚР Үкіметінің қаулысымен сол кездегі Құлсары поселкесі «аудандық маңызы бар Құлсары қаласы» деген статус алды. Бұл күнде Құлсары 60 мыңнан астам тұрғыны бар қалаға айналып отыр. Вокзал маңы, Автожолшылар, Барлаушылар, Мұнайшылар, Кең Жылыой, Оңтүстік әуежай, Жадырасын, Қарағай, Болашақ, №№1, 2, 2а, 3, 4, 4а, 5, 5 а және т.б ықшам аудандарға бөлінген. Сәулетті нысандар көптеп салынды. Саябақтар, абаттандырылған Құрсай жағалауы, жаңа стадиондар мен демалыс орындары, сандаған мектептер мен бала бақшалар, сауда орындары, саябақтар, тарихи ескерткіштер қала ажарын айшықтай түсуде.

1938 жылы Құлсары кеніндегі 10-шы ұңғымадан мұнай атқылаған, ал 1939 жылы Құлсары мұнай өңдеу басқармасы құрылып, алғашқы құрылыс басталып, халық тұратын үйлер салынды.Соғыс кезінде миллиондаған тонна мұнай, оған қоса Құлсары мұнай өндіру цехының қасынан шағын бензин зауыты іске қосылып, тікелей майданға бензин жөнелтіліп отырған,кейіннен бұл бензин зауыты 1952 жылы жабылды.Бүгінде Құлсары Теңіз кен орнын игеру орталығы болып отыр. Мұнда ірі кәсіпорындардан Мұнай-газ өндіру басқармасы, Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясы, мұнай айдау стансасы жұмыс істейді. Бүгінде алып Теңіз кенішінде мыңдаған мердігер мекемелер қатарында қазақстандықтар да еңбек етуде. Ауданымыз ірі инвестиция тарту орталығына айналды. Бұдан басқа құс фабрикасы, металл өңдеу зауыты сияқты инновациялық бағдарламалар жүзеге асты. Кәсіпкерлік, орта және шағын бизнес дамып келеді. Медицина, білім, ауыл шаруашылығы салалары да ілгеріледі. Спорт, мәдениет, өнер саласында көптеген табыстарға жеттік. Мұның бәрі еліміздің  егемендікке қол жеткізуінің арқасы!

Республика күні барша жылыойлықтарға құтты болсын! Жаңа Қазақстан-жарқын болашаққа нық қадам басайық!

Жұмабек Қаражанов,аудан әкімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521