Аудан әкімі Х.Жамалов Теңіздегі мердігер мекемелер өкілдерімен кездесті

ken-zhyloi.kz

Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданда жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу және жұмысқа орналастыру мақсатында аудан әкімі Халел Жамаловтың  төрағалығымен, «Теңізшевройл» ЖШС-нің Үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Р.Артығалиев және Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекция басқарма басшысының орынбасары Д.Абелуовтың қатысуымен, «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты Теңіз кенішіндегі 17 ірі мердігер мекемелермен жұмыссыздық мәселесі бойынша кездесу өтті. ⠀

Теңіз кенішіндегі «Гате», «Велесстрой», «ССЕР», «Консорциум Іскер», «ЮСС Суппорт Сервисез», «COC Realty», «МұнайГазҚұрылыс» ЖШС және  т.б мекемелер басшылары және өкілдері қатысты. ⠀

Кездесуді аудан әкімі Х.Жамалов ашып, ауданда және Теңіз кен ішінде алдағы ашылатын жаңа жұмыс орындары және жұмысқа қабылдау жөнінде әр мекеме басшыларын тыңдады. ⠀ Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Қ.Омаров аудан бойынша жұмыспен қамту бағытында 2020 жылы атқарылған жұмыстары және 2021 жылға жоспарлары туралы ақпарат берді.

Аудан әкімі Х.Жамалов Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің аудан тұрғындарын жұмысқа қабылдаулары төмен деңгейде жүргізіліп жатырғандығы және алдағы уақытта аудан жұмыссыздарын жұмысқа қабылдау жөнінде талап қойды. Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік еңбек инспекция басқарма басшысының орынбасары Д.Абелуов үкіметпен бекітілген квотаның жиында қатысып отырған мекемелердің барлығы орындамай отырғанын айтып, тексеру жұмыстарын ұйымдастыратынын ескертті.

⠀ Кездесуді аудан әкімі қорытындылап мердігер мекемелерге жергілікті тұрғындарды бірінші кезекте жұмыспен қамтылуын басты назарда ұстайтынын және ҚР заңдылығына  сәйкес тиісті түрде жаңа жұмыс орындарын аудандық жұмыспен қамту орталығына сұраныстар беру және осы жоғарыда аталған мәселелерді жеке бақылауға алатынын ескертті. Алдағы уақытта әкімдік және мекемелер арасында осындай кездесулер Құлсары қаласында және Теңіз кенішінде ұйымдастырылатындығы туралы келісімге келді.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521