Аудан әкімі есебі тыңдалуда (+видео)

Қазір Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекеттің аудан тұрғындары алдындағы есебі өтуде.

Жылыой ауданы әкімі есебіне облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов арнайы келіп қатысуда. Аудан әкімі "Жылыой ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылғы міндеттері туралы" есебінде қай салада да ілгерілеу, даму бар екенін, дегенмен шешілуі тиіс істер мен кемшіліктер де жоқ емес екенін баяндады.

170120201

Мәселен, орталық алаңдағы жолдың сапасыз жасалып, аяқталмай қалғанын айтты. Тендерді ұтып алған "Жаңа түбек" мекемесі сотқа берілген, одан соң қалпына келтіру жұмыстары қолға алынбақ.

Сөз кезегін алған облыс әкімі аудандағы шешімін тапқан келелі істер үшін ризашылығын білдіріп, жоғарыда аталған кемшіліктерді шешуді тапсырды. Сондай-ақ аудан әкімі айтқан проблемаларының бірі - ауызсу тапшылығын шешудің жолдарын бірлесе қарастыратындарын айтты.

Одан соң аудандық мәслихат хатшысы М.Кенғанов, аудандық мәслихат депутаты Халел Жамал сөз сөйлеп, маңызды мәселелерді көтеруде.

Ақын, "Жылыоймұнайгаз" МГӨБ басқармасы қызметкері Сырымбек Сәрсенбаев Қосшағыл, Жаңа Қаратон, Тұрғызба елді мекендерінен Құлсарыға кіретін теміржол өткеліне көпір салу қажеттігін айтты, өйткені ол жерде жолаушылар жарты сағаттап тұрады. Ауырып келе жатқан адамға, аяғы ауыр әйелдерге қиын болатынын айтты. Сонымен қатар шлам зауыты, оның әкелер зор зардаптарын қайталап ескерте отыра, ақыры болмаса улы заттарды утилизациялайтын арнайы орын болуы тиіс екенін қаперге берді. Сонымен қатар, жұмыссыздық мәселесін көтерді.

 

Апатты үй тұрғындары өздерінің жанайқайын жеткізіп, бастарына төніп тұрған қатерден қашан құтылатындарын сұрады.

Кәсіпкерлер кәсібін ашу үшін жер алудың қиямет қиындығын жеткізді.

С.Мұратқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521