Аудан әкімі БАҚ өкілдерін құттықтады

ken-zhyloi.kz

Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Жылыой ауданы әкімі Халел Жамалов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін қабылдады.

Алғашқы құттықтау тілегін айтқан аудан басшысы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келетінін айтты:

-Аудан көлемінде болып жатқан саяси-мерекелік шаралар мен игілікті істердің еш кідіріссіз газет бетінде жарық көруі тұрғындарды ерекше ықыласқа бөлейді. Ауданымыздың тілшілер қауымы қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқаруда. Сіздер арқылы аудан халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алады. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда құрметке лайық.

Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін. Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

Бұдан соң Халел Жамалұлы бірнеше жыл ауданның БАҚ саласында еңбек еткен ардагер журналистер мен ауданның мәдени-қоғамдық өміріне белсене араласып, сан алуан тақырыпта тартымды материалдар дайындап, журналистік шеберлігімен оқырман жүрегіне жол таба білгені үшін аудандық «Кең Жылой» газеті мен «Каспиан ньюс» телеарнасының аудандағы қызметкерлеріне алғысхат пен гүл шоқтарын табыс етті.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT