Аудан әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ Жылыой ауданы әкімінің 2023 жылдың 3 сәуіріндегі №17-к өкімімен ҚАЖЕНОВ ЕРМЕК НҰРСҰЛТАНҰЛЫ Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Каженов Ермек Нұрсұлтанұлы 1989 жылы 16 мамырда Алматы облысы Сарканд қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша;

2014 жылы Қайнар университетін құқықтану мамандығы бойынша оқуды аяқтаған.

2011 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен экология мамандығы бойынша «Магистр» дәрежесін алған.

Еңбек жолы: 2007-2013 жылға дейін мемлекеттік емес мекемелерде басшылық лауазымдар атқарған.

2016-2017 жылдар аралығында ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары Академиясында инспектор болып жұмыс жасаған.

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік жекешелік әріптестікті дамыту департаментінде бас сарапшы қызметін атқарған.

2018-2021 жылдар аралығында Атырау қалалық прокуратурасында қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры, Алматы облысы Жамбыл ауданының прокуроры, аға прокуроры лауазымдарында қызмет жасаған.

2022 жылдың қыркүйек айынан бері Жылыой ауданы әкімінің кеңесшісі лауазымын атқарып келді.

Жылыой ауданы әкімі аппараты жанындағы конкурстық комиссияның «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарға жалпы конкурстардың қорытындысы бойынша 2023 жылдың 3 сәуірінен бастап  аудан әкімінің №17-к өкімімен Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT