Аудан әкімі «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгісін табыстады

Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін табыстады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аудан әкімі аналарға еліміздің келешегін тәрбиелеудегі еңбектерінің зор екенін айтып, жылы лебізін білдірді. Кейін оларға төсбелгілері мен гүл шоқтарын табыстады.

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, жылыойлық Айдана Аманбаева, Айнур Ищанова, Светлана Халиева «Алтын алқа» иегерлері атанса, Сауле Амангельдиева, Лаура Аманчиева, Асель Есалиева, Айгерим Жылкайдарова, Рзагул Кожанапесова, Альбина Куандикова, Нуржемал Орунбаева, Узилдик Толемисова және Зулфат Умирзакова «Күміс алқамен» марапатталды.
Айта кету керек, қазір Жылыой ауданында 616 «Алтын алқа», 1018 «Күміс алқа» иегері бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT