Аудан әкімдігі аппаратының жаңа басшысы

Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы болып Нұғман Аманқос Сибатұлы тағайындалды. ⠀

А.С.Нұғман 1982 жылы 1 қаңтарда Атырау облысының Индер ауданындағы Есбол (Кулагино) ауылында дүниеге келген. ⠀ 2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін жерге орналастыру мамандығы бойынша бітірген. 2003 - 2006 жылдары Атырау облыстық Әділет басқармасының АХАЖ, нотариат, құқықтық насихаттау және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінде маман, жетекші маман, бас маман қызметін атқарған.

nugman1

2006 – 2007 жылдары Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық РМК заң бөлімі басшысының орынбасары болды. 2007 – 2010 жылдары Атырау облыстық Әділет басқармасының құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімі және Атырау облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің басшысы. 2010 – 2012 жылдары Атырау қалалық жер кадастрлық орталығы директорының орынбасары. ⠀

2012 жылы Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылау бөлімінде бас маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарды. 2012 – 2015 жылдары Атырау облысы бойынша жер инспекциясында басшының орынбасары, бас мемлекеттік инспектор қызметін атқарды. 2015 жылдың ақпан – желтоқсан айы аралығында Атырау облысы Әділет департаментінің Исатай аудандық Әділет басқармасының басшысы болды. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы Әділет департаментінің Жылыой аудандық Әділет басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521