Аудан әкімі ардагер теміржолшыны төл мерекемен құттықтады

Бұл жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет.

Халықаралық қарттар күні – аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің, қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Осыған орай аудан әкімі Халел Жамалов қарттар күнімен ардагер теміржолшы Рай Бисалиевті алғысхатпен марапаттап, сыйлық табыстады.

- Біз – әрқашан «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Уақыт пен ұрпақты жалғастырған, күздің салқын күндерінде жылуын шашқан бұл мереке үлкендерді құрметтеп, қамқорлық көрсететін халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттайды,- деді аудан әкімі.

Айзада ЖАЛҒАСБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз