«Ауғанның отты жалыны»

ken-zhyloi.kz

Жылыойда "Жеңіс" саябағында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Ауғанның отты жалыны» атты ашық алаңда гүл шоғын қою рәсімі өтті.

⠀ Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, жауынгер азаматтарды үнсіздікпен еске алды.

⠀ - Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Ширек ғасыр уақыт өтсе де, бұл соғыстың жүректерге салған жарасы жазылған емес. Кешегі қыршын кеткен боздақтармен, бүгінгі арамызда жүрген Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі кейінгі ұрпаққа өнеге. «Ел - ерімен мақтанар» - деген. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі Отанқорғаушылары Ауған соғысы ардагерлерінен үлгі алып, соларға қарап сап түзейді. ⠀

Сіздердің ұрпақты ерлікке тәрбиелейтін, олардың патриоттық сезімін оятатын қайтпас қайсарлықтарыңыз қандай құрметке болсын лайық. Сіздер қиындықтардан қаймықпай, ауыр сынақтардан қажымай өттіңіздер. Қазір де шаруашылықтың сан-саласында абыройлы еңбек ете жүріп, Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне үлес қосып келесіздер. Бүгінгі Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуымен баршаңызды құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, алдағы барлық істеріңізге сәттілік пен табыс тілеймін,- деді аудан әкімі Халел Жамалов.

Жылыой ауданы әкімдігінің

баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521