Атыраулықтар «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауының лауреаттарын қарсы алды

Отбасы күні қарсаңында Астанада «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Оның ішінде атыраулық Сыралиевтер отбасы да бар. Жүлдемен оралған үздік отбасыны облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова қарсы алды. Елімізде қоғамдағы отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауы биыл 11-рет ұйымдастырылды. Астанада өткен салтанатты шараға Қазақстанның барлық аймағынан өңірлік кезеңдерде жеңіске жеткен отбасылар қатысты.
Айта кетейік, Астанада өткен салтанатты шарада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев байқау жеңімпаздарына арнайы сәлемін жолдап, құттықтау хатын жіберді. Президенттің жылы лебізін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.

Мемлекет басшысы өзінің құттықтау хатында Әділетті Қазақстан қалыптастыру жолында отбасы институтын қолдау маңызды қадам екенін атап өткен. Сондықтан елімізде бұл бағытқа баса мән беріліп, жүйелі шаралар қабылданып жатқаны да айтылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521