Атыраулық жас патриоттар әскери-қолданбалы істегі мықтыларды анықтады

Атырауда облыстың әскери-патриоттық клубтарының екі күндік оқу-жаттығу жиыны өтті. Оларға облыстың барлық аудандарының өкілдері қатысты.

Жас патриоттар жиынының бағдарламасы үш кезеңнен тұрды: туристік технология элементтерін орындау, компасты қолдану арқылы бағдарлау және әскери-қолданбалы жаттығулар жарысы. Барлық кезеңдер қарқынды және қызықты өтті.


- Оқу-жаттығу жиынына әскери-патриоттық клубтардың ең мықты және тәжірибелі тәрбиеленушілері қатысты. Олардың көпшілігі республикалық масштабтағы жарыстар мен чемпионаттарға қатысқан. Бұл жолы ұйымдастырушылар бағдарламаға жаңа элементтерді енгізді. Бағдарлау кезеңдері, спорттық туризмнің техникасы мен тактикасының сынақтары қосылды, - дейді Атырау облысы бойынша «Жас сарбаз» қозғалысының төрағасы Нұрлан Елеуов.
Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша бірінші орын Атырау қаласының Бесікті орта мектебінің командасына бұйырды, екінші орынды Индер өңірінің Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебінің оқушылары иеленсе, үздік үштікті Жылыой ауданының №1 орта мектебінің оқушылары қортындылады.
Оқу-жаттығу жиындары Атырау облысы жастарына патриоттық тәрбие беру бойынша жүргізілетін жұмыстардың сапасын жақсарту, оларды әскери қызметке дайындау, әскери-қолданбалы спортты кеңінен насихаттау және дамыту мақсатында өткізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521