Еңбек ардагері Милләт Сабырқызының облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалын қалыптастыруда еңбегі зор.
Атырауда еңбек ардагері Милләт Сабырқызының ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға ағайын-туыстары мен замандастары, қала тұрғындары және қоғам қайраткерлері жиналды.
Еңбек ардагері Милләт Сабырқызының облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалын қалыптастыруда еңбегі зор. Ол қос мәрте Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. Құрманғазы және Жылыой аудандарының, Атырау қаласының Құрметті азаматы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі