Атыраулықтар 15 000 теңгені қалай ала алады?

Коммуналдық қызметтер шығындарын өз атында жеке (абоненттік) шоты болған кезде көрсетіледі

Аталған төлемге өтінім беру әкімдіктер арнаулы жүйені іске қосқан соң басталады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Коммуналдық қызметтер шығындарын 7 санатқа жататын адамдарға, яғни өз атында жеке (абоненттік) шоты болған кезде көрсетіледі:

1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;

6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар, көпбалалы отбасылар және қызметiн орындау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына келетін болсақ, олардың отбасының бір мүшесінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен шарт жасалған болуы тиіс.

- Коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу үшін тағайындалған 15 мың теңге сомасы әкімдікке өтініш беру негізінде ғана жүргізілетін болады, - дейді Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бауыржан Тұхфатов.

Айта кетейік, әлеуметтік көмек алушылар ақпараттық жүйелер немесе 25 – 44 – 51, 25- 44 – 59, 25- 43- 55 байланыс нөміріне әкімдікке қажетті ақпаратты (ЖСН, әлеуметтік мәртебе және жеке шот нөмірі) ұсынулары қажет. Call – орталық арқылы өтінім беру жағдайда ауызша жіберу жеткілікті.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT