Атыраулық студент суға кетіп бара жатқан сәбиді құтқарып қалды

"Оқиға 28 мамыр күні Ақтөбе облысында орын алған" деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінгінің батыры - Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 17 жасар студенті Айбар Серік. Қарғалы өзені бойымен серуендеп келе жатқан Айбар суға батып бара жатқан сәбиді көреді. Ойланбастан суға секірген Айбар шамамен 2 метрдей қашықтыққа ұзап кеткен сәбиді судан алып шығады. Баланы жағаға шығарған уақытта 55 мектептің оқушысы Манас Бимырза көмекке келеді. Осылайша, екі батыр баланың жүрегіне массаж жасап, жасанды жолмен тыныс алдырады. Сәлден соң сәбиге жедел жәрдем көмекке келеді. Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін құтқаруға дер кезінде көрсетілген алғашқы медициналық көмектің себепкер болғанын айтуда.

Қазіргі таңда сәби Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында жатыр. Сын сағатта көрсеткен ерлігі үшін, 17 жасар студент Айбар Серік "Ерлігі үшін" медаліне ұсынылуда.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика