Атыраулық спортшылар Республика күніне орай ұйымдастырылған челленджді қолдады

Атыраулықтар Республика күніне орай ұйымдастырылған «Қыран елім – Қазақстаным!» акциясына қатысты. Олар «Қазақстан – Республикам менің» өлеңін оқып, эстафетаны астаналықтардан қабылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Атырау спортшылары «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясын қолдау мақсатында бұл челленджді Маңғыстау облысының спортшыларына жолдайды. Спортшыларымыз көк байрағымызды желбірете берсін, деді Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы  Данияр Юсупов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,  шараның мақсаты – патриоттық сезімді нығайту, халықтың бірлігін спорттық аренада да көрсету, еліміздің осы саладағы жетістіктерін атап өту.

 

«Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы қазан айының соңына дейін жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз