Бүгін Атырау облысы ТЖ жедел штабында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев БАҚ өкілдерінің көктемгі су тасқынының басталу күні мен көлемі туралы сұрағына жауап берді.
- Бұл мәселе бойынша пікір әртүрлі. Сарапшылардың да, қарапайым азаматтардың да көзқарастары түрліше айтылып жатыр. Біз мемлекеттік орган және жедел штаб ретінде жұмысымызды болжап жоспарлау үшін бір ақпарат көзінің деректеріне сүйенеміз — бұл “Қазгидромет” мемлекеттік мекемесі. Бұл кәсіпорын күн сайын су тасқыны басталғаннан бері Жайық өзенінің біздегі су деңгейі жөнінде қорытындылар мен болжамдарды беріп отыр, оған сүйенсек ең жоғары мөлшер 6 метрге жетеді деп күтілуде. Атырау облысында Жайық өзенінің бойындағы барлық іс-шаралар осы болжамды су деңгейін ескере отырып жүргізіліп жатыр және су тасқынынан қорғау бөгеттерінің сенімді болуы үшін басқа да нақты әрекеттер жоспарланған. Қазгидрометтің мәліметінше, Атырау облысының аумағына өр суы 20-25 сәуір аралығында келеді деп болжануда, - деді Жасұлан Бисембиев ТЖ жөніндегі жедел штабта өткен брифингте.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырауға судың көп мөлшері қашан келеді?
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 582