Атыраудың медициналық орындарында 4 оттегі стансасы​ іске қосылды

Облыс бойынша 9 оттегі станциясын жасақтау жоспарланған болатын.

«Тағы осындай 5 станса жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі» деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспановаға сілтеме жасап.

«Облыс бойынша 9 оттегі станциясын жасақтау жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 4 оттегі стансасы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, облыстың медициналық ұйымдары 27 рентген, 4 МРТ, 12 компьютерлік томография аппараттарымен қамтамасыз етілді. Мұның барлығы коронавирус инфекциясына және коронавирустық пневмонияға шалдыққан науқастарға ем көрсетуде қажетті жабдықтар» деп атап өтті Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова.

Еске сала кетелік, бүгінгі таңда облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдары пандемия кезінде қажетті ем-шара жасауға арналған дәрі-дәрмектің 2 айлық қорымен қамтамасыз етілді. Және Атырау облысы әкімінің тікелей қолдауымен, дәріханаларды қамтамасыз ету мақсатында коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрілік заттардың 42 аталым бойынша қоры жасақталып отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз