Атыраудағы "Қарызсыз қоғам" қалай жұмыс жасайды?

Атырау облысында несиелері бартұрғындардың саны 80% құрады, бұл адамдардың қарыздықміндеттемелердің бар-жоғына атүсті қарайтынын көрсетіп отыр. Бұл ретте төлемдер бойынша кешіктіру 5,22%құраған, деп хабарлайды АtyrauРress тілшісі.

Президент бұл мәселеге бір емес,бірнеше рет назар аударды. Мемлекетбасшысының тапсырмасы бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болғанотбасыларға кредиттер бойынша қарыздар есептен шығарылды, жекетұлғалардың банкроттығы туралы заңқабылданды, халықтың кредиттіктәуелділігін төмендету бойынша жаңазаңнамалық түзетулер дайындалуда.Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұлкүрделі әлеуметтік мәселені шешу үшінқоғамда қаржылық мәдениеттіңқалыптасуы үлкен маңызға ие.

Жоба жаңа қаржылық мәдениеттіқалыптастырады

Осыған байланысты "Amanat" партиясының бастамасымен "Қарызсызқоғам"жобасы жүзеге асырылуда. Жобанесие бойынша қарызға батып, үмітінүзгендерге нақты қолдау көрсетеді.Адамдар өз қаражаты бойынша өмір сүруге, қажетсіз несиелерден бас тартуғаүйренеді. Атырау облысы бойынша "Қарызсыз қоғам" жобасының жетекшісіАқан Қайырғалиев айтып өткендей, жобааясында 2024 жылдың 5 ақпаны мен 15желтоқсаны аралығында Атырау облысыбойынша 6255 адам қаржылықсауаттылық курстарынан өтіп, сертификат алды (104,25% орындалды).Олар - жеті аудан мен Атырау қаласының тұрғындары. Қатысушылардың басым бөлігі әйелдер 4169, ерлер - 2086. 6255адамның 1433(22,91 %) 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған көпбалалыотбасылардан. "Жоба қатысушыларға оңәсерін тигізді, өйткені қазіргі уақыттаҚазақстанда арызсыз қоғам" қаржылықсауаттылық курсына баламасы жоқ.  Жобаға қатысушылар сабақтарғабелсенді қатысып, ауыл тұрғындарыерекше қызығушылық танытты, олар76,78% құрайды", - дейді А.Қайырғалиев.

 

Жобада не үйретіледі?

Курстар барысында тренингтерден басқа,қаржы сарапшылары жеке кеңестерберді, "Қарызсыз қоғам" жобасынақатысушылар кең ауқымды мәселелер бойынша кеңес алды: enbek.kz порталында тіркелу мен ЖК ашуданбастап соттан тыс банкроттыққа өтініш беруге дейін, берешекті өтеудің жаңакестелерін жасау, әлеуметтік кәсіпкерлік нысаны ретінде тіркелу, "ОСОП" жобасына қатысу және тағы басқа.  Сондай-ақ, қатысушылар оқу процесіндезаңгерлердің көмегін пайдалана алды.Олар әр қарыз алушының несиеліктарихын жеке-жеке зерттеп, қарызжүктемесін қалай жеңілдетугеболатындығы туралы практикалықкеңестер берді. Сол секілді, банкроттыққа өтініш бергенге дейін бұғатталған шоттарды ашубойынша сүйемелдеу жүргізілді. Оқытубарысында қатысушыларға бизнесті ашужәне дамыту үшін мемлекеттік қолдаушараларының барлық құралдарыбойынша ақпарат беріледі. Тыңдаушыларкәсіпкерлікті дамыту бойынша қаржылық емес/қаржылық қолдау шараларыныңқұралдары (бизнес ашу, қосымша табыскөзін іздеу, қаржыландыру менмемлекеттік және жеке қорлардажеңілдетілген несие мен гранттыққаржыландыру жөніндегібағдарламаларға қатысу) бойынша қажетті ақпарат алды. 

 

Қатысушылардың көп бөлігіауылтұрғындары

2024 жылы оқыту облыстың барлықаудандарында және Атырау қаласында жүргізілді. Өңірлердегі тұрғындардыңбасым бөлігінің аудан орталықтарынакелу мүмкіндігі жоқ, осыған байланыстықаржы сарапшылары қатысушылардыңбасым бөлігін ауылдық округтерге жәнешалғай ауылдарға барып оқытудыжүргізді.  6255 адамның 76,78%ауылдық округтер мен ауданорталықтарының, 23,22%-ы қалатұрғындары.

"Деректерді талдау нәтижесінде,сондай-ақ қатысушылардыңсауалнамасы барысында жобатыңдаушыларының басым бөлігі - 4598 адамның кредиті бар екені анықталды, бұл жобаның барлыққатысушыларының 73,51%. Оныңішінде 1 кредит 41,22%, 2 кредит -23,31%, 3 және одан да көп кредит алғандар 8,81% құрады. Ал, қатысушылардың 4,52%-ы кредит төлемін 90 күннен кешіктірген" дейдіАтырау облысы бойынша "Қарызсызқоғам" жобасының жетекшісі.

 

"Олар тапқаннан көп ақша жұмсайды"

Ақан Қайырғалиевтың айтуынша, оқунәтижелері көрсеткендей,тыңдаушылардың басым бөлігі кірістермен шығыстардың тұрақты есебінжүргізбейді; отбасылық және жекебюджетті жоспарламайды; қаржылықжоспары жоқ; қауіпсіздік "жастығы" жоқ;депозиттің артықшылықтары туралыбілмейді; негізгі қарыз бен артық төлем сомасын және өзінің пайыздықмөлшерлемелерін білмейді; тапқаннан көп ақша жұмсайды; бір басында үштенастам несиесі бар және олар бойынша мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. 

"Кейбіреулер той мен құдалық үшіннесие рәсімдейді, ал басқаларыойланбастан сауда жасайды. Көбісікепілсіз тұтынушылық қарыздарды,ақшалай несиелерді, сондай-ақ пайызсыз бөліп төлеуге құмар.Бұлар да, шын мәнінде қатардағы несиеге жататынын елемейді.Бірқтары банк алдындағықарыздарын өтеуде қиындықтарғатап болады, өйткені олар ай сайынғытөлемі аз бірнеше шағын несиерәсімдеген. Олардың арасында бөліптөлеу де бар. Бірақ жиынтық төлемөте көп мөлшерді құрайды. Бұлтұзаққа түрлі банктерде қарызресімдегендер де түседі" дейді жобажетекшісі.

Оның айтуынша, мұның бәрі ауылтұрғындарының ғана емес, қалатұрғындарының да қаржылықсауаттылығының төмен деңгейінкөрсетеді. Сонымен қатар, "тәуекелтобында" тұрақты табысы бар және өзін еркін сезінетін бюджеттік саланыңқызметкерлері де бар. "Борышкерлердіңмәселелерін шешеміз" Жобаныңқаржылық сарапшылары мен заңгерлеріборышкерлердің проблемалықмәселелерін шешуге көмектескенкөптеген мысалдар бар. Мәселен,"Қарызсыз қоғам" бағдарламасыныңқатысушысы Е.Х. өтініш берген кездеәртүрлі банктерде жалпы сомасы 37 млнтеңгеге бірнеше тұтынушылық және кепілкредиттері болған. Тыңдаушының барлықшоттары мерзімі өткен міндеттемелергебайланысты қамауға алу себебіненбұғатталды.     

"Біздің сарапшылар қарызжүктемесін реттеу шарттарын алуүшін несие беруші банктерге сұраусалды. Банктер шарттарды қайтақарауға немесе берешекті қайта есептуден бас тартты. Біз Е.Х-ға сотарқылы төлем қабілеттілігін қалпынакелтіру рәсімінен өтуді ұсындық.Нәтижесінде сот үрдісі оныңбұғатталған барлық шоттарын ашуға мүмкіндік беретін оң шешімменаяқталды. Төлем қабілеттілігінқалпына келтіру процесініңорындалуын бақылау үшін қаржы менеджері тағайындалды. Қазіргіуақытта алдағы 5 жылға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша жоспар жасалуда, олберешекті белгіленген мерзімдетұрақты өтеуді қамтамасыз етеді.Осылайша, біздің іс-әрекеттеріміздіңжәне сот рәсімін сәтті өткізудіңнәтижесінде тұтынушы өзініңқаржылық жағдайын қалпынакелтіруге және ақылға қонымдыжоспар шеңберінде банк алдындағыміндеттемелерін орындауғамүмкіндік алды" дейді АқанҚайырғалиев.

Жобаның басқа қатысушысында 9 700000 теңге сомасында кепіл кредитіболған. Өтініш берген кезде оныңшоттарына тыйым салынды. Сарапшыларбұл жағдайды реттеу мақсатында банккесұрау жіберді, бірақ олар бас тартты. Бас тартудың себебі банктің істі соторындаушысына беру үшін құжаттардыдайындап, содан кейін мүлікті сатуыболды. Жобаның заңгері осы адамның сотарқылы төлем қабілеттілігін қалпынакелтіру рәсімінен өткенін растайтынқажетті құжаттарды жедел дайындады.Осы процедураның нәтижесінде оң жауапалынды. Қазіргі уақытта қаржыменеджері алдағы 5 жылға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарынқұруда. Барлық шектеулер шоттарданалынып тасталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT