Атырауда «Жеңілдіктер түні» акциясы өтті

Республика күніне орай Атырау қаласындағы «Сарайшық» базарында тұрғындарға арналған «Жеңілдіктер түні» акциясы өтті.

Шара барысында қала тұрғындары азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Акцияның басты мақсаты – тұрғындарға тиімді сауда жасауға жағдай жасап, әлеуметтік қолдау көрсету болды. Сонымен қатар, шара отандық өндірушілер мен жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін насихаттауға бағытталды.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT