Атырауда Жайық өзенінің бойындағы ауылдарда бөгеттер биіктетіліп жатыр

Көктемгі тасқын су қаупінің алдын алу үшін Атырауда Жайық өзенінің бойында бөгеттер биіктетілуде. Бүгін Еркінқала ауылдық округінде аталмыш жұмыс басталып кетті. Оған 3 арнайы техника мен 4 жүк көлігі жұмылдырылды. Топырақ алатын жердің аумағы белгіленіп, қауіпті аймақтың картасы жасақталған.
«Еркінқала ауылдық округі бойынша су тасқыннан қорғау бөгетінің жалпы ұзындығы 27 км. Ал, Ракуша ауылына тиесілі Жайық өзенінің ұзындығы 2,5 км құрайды, оның ішінде қауіпті деп танылған 200 м жерде бөгет биіктетіліп жатыр», дейді Еркінқала ауылдық округінің әкімі Мұхтар Құмарғалиев.

Сонымен қатар, төтенше жағдайдың алдын алу үшін Еркінқала селосында 4 км ұзындықта өзеннің осал тұсындағы бөгеттерді көтеру жұмысы атқарылады. Бұдан бөлек су тасқынына қарсы Қайыршақты, Атырау, Алмалы, Еркінқала, Дамба ауылдық округтерінде бөгеттер биіктетіліп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521