Хабар-ошарсыз кетіп, іздеу жарияланған 29 тұлғаның 26-ның жүрген жері анықталып, үйлеріне қайтарылды.
Атырау облысы Полиция қызметкерлерімен жедел шаралар нәтижесінде іздеуде жүрген 57 қылмыскер ұсталды. Сонымен қатар, биыл наурыз және қыркүйек айларында қылмыс жасағаны үшін айыпталып, алдын ала тексеру, тергеу және сот органдарынан бой тасалап жүрген тұлғаларды іздестіру әрі ұстау, сондай-ақ, із-түссіз жоғалғандардың жүрген жерін анықтау мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің аумағында «Іздестіру» бірлескен іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында іздеуде жүрген 3 қылмыскер Өзбекстан Республикасы аумағында, Ресей Федерациясы, Украина және Молдова Республикалары аумағында бір-бірден іздеудегі қылмыскерлердің жүрген жерлері анықталды.
Сонымен қатар, Ресей Федерациясы құқық қорғау органдарымен іздеудегі 4 қылмыскердің, Өзбекстан Республикасы құқық қорғау органдарымен іздеудегі 3 қылмыскердің жүрген жерлері Атырау облысы аумағында анықталды.
Атыраулық полицейлер сонымен қатар, хабар-ошарсыз кетіп, іздеу жарияланған 29 тұлғаның 26-ның жүрген жері анықталып, үйлеріне қайтарылды. Қыркүйек айында өткізілген «іздестіру» жедел шарасы барысында хабар-ошарсыз кеткен Атыраулық 2 азаматшаның жүрген жерлері анықталып, туыстарына тапсырылды.
Хабар-ошарсыз кеткендердің бірі 1991 жылы туған азаматша шілде айында үйінен шығып кетіп, туыстарына хабарласпаған. Әңгімелесулер барысында, үй ішіндегілерге ескертпестен, бөлек тұрғанын айтты. Ал, 32 жастағы азаматша көршілес Орал қаласына кетіп қалған. Талдау көрсеткендей, туысқандарын ескертпей, үйден кетіп, хабар-ошарсыз жүретіндердің дені 20-35 жас аралығындағылар.
Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі